Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Төрт адам зардап шекті": 15 жастағы жасөспірім мектепке пышақпен кіріп, шабуыл жасады

Бүгін Ресейдің Ростов облысындағы мектепте бетперде киген жасөспірім төрт адамды жарақаттады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі RBC сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

"Төтенше жағдай Неклинов ауданындағы "Красный десант" шаруа қожалығында таңғы уақытта болды. 15 жастағы жасөспірім ғимаратқа пышақпен кіріп, шабуыл жасаған. Қызметкерлер жігітті мектепке кіргізбеуге тырысқан, алайда ол пышағын шығарып, шабуыл жасаған. Төрт ересек адам зардап шекті. Қазір оқиға орнында мамандар жұмыс істеп жатыр. Балалардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ", - деді губернатор Василий Голубев.

Тергеу комитеті оқиғаға қатысты тексеру жұмыстарын бастады. Ведомствоның хабарлауынша, оқиғаның мән-жайы анықталғаннан кейін ғана процессуалдық шешім қабылданады.

Төтенше жағдайдан кейін мұғалімдер балаларға сабаққа келмеу керектігін ескертті. Мектепте тергеушілер жұмыс істеп жатыр. Полиция келгенше мұғалімдер оқушыны жіппен байлап тастаған.

 

Талқылау