Төркініне қайтқан қыз әке-шешесінің ұзатуға алған несиесін қалай ақтарын білмей жүр
Арайлым Жұмажанқызы бір айдың ішінде өзін қорлап, төркініне қайтуға мәжбүрлеген күйеуіне ренжіп жүр. Ал ұзату тойды әке-шешесі несие алып жасап берген екен.
Бұл туралы “Әйел бақыты” бағдарламасында айтылды.
24 жастағы келіншек ұзату тойын 2 миллион теңге несие алып жасаған ата-анасына қалай көмектесерін білмей жүр. Бар мәселе Арайлым Жұмажанқызының қайын жұртының көрсеткен қорлығына шыдамай, үйіне қайтып келуінде болып отыр. Бір ай ішінде қол көтеріп, үлкен той жасаудан бас тартқан күйеуі кешірім сұрауға да келмеген.
“Күйеуіммен бір жылдай қыз-жігіт болып жүрдік. Кейін өзі аяқ астынан маған үйленуге ұсыныс жасады. Мен ерке болып өскендіктен, әке-шешем қыз ұзату тойын дүркіретіп жасағылары келетіндерін айтты. Барлығы аяқ астынан болғандықтан, ұзатуға 2 млн теңге несие алды. Ал жігіт жақ үлкен тойды бір айдан кейін жасамақ болды. Тойыма жүз шақты адам келді. Қалыңдық көйлегін де сатып алған болатынмын. Арада бір ай өткен соң жігіт жақ той жасамайтындарын айтты. Мұнымен қатар, ұзатудан кейін күйеуім мүлдем өзгеріп кетті.
Маған қол көтеретін әдет шығарды. Шыдай алмай барлығын әке-шешеме айтып бердім. Олар “далада жатқан қыз жоқ” деп ұрысып, мені үйге шақырды. Күйеуім енемнің айтқан сөзінен шықпайтын еді. Ал енемнің мінезі тым қатты болды. Ақыры төркініме кетіп қалдым. Күйеуім артымнан келіп кешірім сұрайтын шығар деп ойладым. Әлі күнге дейін хабарласпады. Шын жүрегімен кешірім сұраған болса, қайтып баратын едім. Қазір несиеге айына 70 мың теңге төлейміз. Әлі үш жыл бойы өтемекпіз”, – дейді Арайлым Жұмажанқызы.
Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.
Жіберіп алмаңыз:
Жезөкше болған қазақ қызы тікелей эфирде мұңын шақты
Студент намазы мен жігітін тастауға мәжбүрлеген әпкелері туралы айтып жылады
Ильхам Ибрагим эфирде ешкімге айтпай түсік жасатқан оқушыны ұрысып тастады
Мектеп оқушысы өзін түсік тастауға мәжбүрлеген жігіт туралы айтып жылады