Төрехан Сабырхан жартылай финалға жолдама алды
Фото: KBF media
Қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан Ливерпульде (Англия) өтіп жатқан World Boxing ұйымының 2025 жылғы әлем чемпионатының ширек финалында жеңіске жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
70 келіге дейінгі салмақта ол француз Макан Траормен кездесіп, алғашқы раундты 3:2 есебімен өз пайдасына жазды. Екінші кезеңде Сабырхан қарсыласынан айқын басым түсті – 5:0. Үшінші раундта да қазақстандық боксшы қарқынын бәсеңдетпей, қарсыласына еш мүмкіндік берген жоқ.
Осылайша, Төрехан Сабырхан жартылай финалға шығып, кем дегенде қола жүлдені қоржынға салды.
Айта кетейік, ол Азия құрлығының тарихында төрт мәрте жасөспірімдер мен жастар чемпионатында алтын алған жалғыз боксшы болып саналады.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген

