Төреғалиді ұшаққа заңсыз кіргізгендер жазаға тартылды

Азаматтық авиация комитеті Төреғали Төреәлінің Air Astanа әуе компаниясының ұшақ бортына заңсыз кіруіне байланысты жоспардан тыс тексеріс жүргізді. Нәтижесінде Алматы әуежайының үш қызметкері жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Төреғали

Авиациялық қауіпсіздік қызметінің үш бірдей инспекторына 20 АЕК (48 100 теңге) көлемінде айыппұл салынды. Олар: Ринат Рахымгереев, Абылай Қырғызбаев пен Шолпан Закирова.

Сондай-ақ, “Эйр Астана” компаниясы, қызмет көрсету бойынша агент Карина Абдурахиповаға 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Сондай-ақ, азаматтық авиация комитетінің инспекторлары қауіпсіздік қызметінің басшылығы мен қызметкерлеріне жолаушыларды бортқа кіргізу туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Айта кетейік, Төреғали Төреәлі қыркүйек айының ортасында ұшақ бортына билетсіз өтіп, заңды бұзған болатын. Әнші шетелге жолға шыққан жұбайына көмектеспек болыпты.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр