Төреғали жары Толқынға арнаған әнді өзі жазғанын айтып мақтанды
Дүйім қазақ жұрты көптен күткен дүбірлі тойдың басталауына бірнеше сағат қалды. Өздеріңіз білетіндей, бүгін әнші Төреғали Төреәлі дүркіретіп той жасамақшы. Төреғали мен Толқынның тойы Алматыдағы ең қымбат Rixos мейрамханасында тойланбақ, деп жазады Stan.kz.
Дәл қазір екі жас тойға қызу дайындалуда. Бірер сәт бұрын Төреш тойы өтетін мейрамхананың суретін жариялады.
Иә, биыл әншілердің әйелдері үшін құтты жыл болды. Қайрат та, Төреғали де жеке өмірлерінің құпиясын ашты. Ал Төреғали елге енді сәлем беретін жұбайына арнап ән жазды. Бұл жолы Ұлы дала баласы “Менің Толқыным” туындысының сазын да, сөзін де өзі жазып, жұртты бір таңғалдырды.
Жуырда өткен “Айхай-25” концерті барысында Төреш өзінің әмбебап өнер иесі атанғанын айтып мақтанды.
“Толқынға арнап “Менің Толқыным” деген ән жаздым. Әнін жазған композитор Төреғали Төреәлі, сөзін жазған ақын Төреғали Төреәлі, орындайтын әнші Төреғали Төреәлі”, – деді Ұлы дала баласы сахна төрінде тұрып.
Жіберіп алмаңыз:
Төреғалидің үйлену тойы отандық арнадан тікелей эфир арқылы көрсетілмек
Өнердегі әріптестері Төреғалидың концертін сынап тастады
Төреғали мен Қайнар Алагөзов танымал журналистпен дауласып қалды
Фонограммасыз концерт берген Төреғалидың дауысы шықпай қалды (фото, видео)