Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Төреғали Төреәлінің адвокаты әншіні ұстау кезінде полицияның қатыгездік танытқанына наразы

Есірткіге мас күйінде көлік жүргізгені үшін ұсталған қазақстандық әнші Төреғали Төреәлінің адвокаты оны ұстау кезінде полицейлердің қатыгездік танытқанына наразылық танытты. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қорғаушы Тілеужан Кішкенебаевтың айтуынша, тұтқындау кезінде полицейлер өз өкілеттіктерін асыра пайдаланған.

Бұған дейін әлеуметтік желіде әнші ұсталған соң медициналық сараптама бөлмесінде адвокат пен полиция қызметкерлері арасында ауызша кикілжің басталғаны туралы видео тараған.

“Бір адамды ұстау үшін жиырма полицей келген. Құдды бір ерекше ауыр қылмыс жасаған қылмыскер сияқты”, – дейді әншінің қорғаушысы.



Видеодағы полиция қызметкері қорғаушы тарапқа әншінің есірткіге мас күйінде болғанын, оның өзіне ғана емес, қоғамға да қауіп төндіретінін түсіндіреді.

“Біз заң аясында әрекет етеміз”, – дейді полицей.

Айта кетейік, Төреғали Төреәлі Алматыда есірткіге мас күйде полицияға ұсталған болатын. Кейінірек әнші 20 тәулікке қамауға алынып, 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылды

Бұған дейін Төреғалиді қарындасы Дина Төреәлі ағасын қолдайтынын айтқан болатын. 

Талқылау