"Дұрыс деп айта алмаймын": Мөлдір Әуелбекова Төреғалимен болған жағдайға қатысты ойын ашық айтты
Белгілі отандық әнші Мөлдір Әуелбекова өнердегі әріптесі Төреғали Төреәлімен болған жағдайға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

©instagram.com/moldir.auyelbekova/toregalitoreali
Әлеуметтік желіде оқырманнан келген: “Қалай ойлайсыз, Төреғалидің жасағаны дұрыс па, бұрыс па?” деген сауалына әнші: “Әрине, дұрыс деп айта алмаймын. Жалпы айтарым, Төреш, оның отбасы – жақсы адамдар. Ол да бір ананың баласы, ұл-қыздың әкесі. Бір білерім, оның басында да ішінен тынып, сыр білдірмей жүрген сынақтары бар. Анасына ауыр ғой. Аналар жыламасыншы”, – деп жауап берді.

Айта кетейік, Төреғали Төреәлі Алматыда есірткіге мас күйде полицияға ұсталған болатын. Кейінірек әнші 20 тәулікке қамауға алынып, 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылды.
Бұған дейін Төреғалиді қарындасы Дина Төреәлі ағасын қолдайтынын айтқан болатын.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады