Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Төреғали Төреәлі: Жұрт көзінше күлемін, жалғыз отырып жылаймын

Төреғали Төреәлінің мұңаятын кездері де болады. Себебі өнер жолы ауыр жол. Мұны әнші о баста білген. Алайда сабырмен жеңуге тырысады.

Төреәлі Димаш Құдайбергенмен бәсекелеспек: Төреғали Қытайда үлкен жоба бастамақшы

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Ел аузында" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

"Жалғыз отырып жылайсың, жұрт көзінше күлесің. Бұл өнер. Ер азамат үшін ауыр да, қиын жол. Оның үстіне тура жол емес. Киноға түскенде сүйісу кадрлары, төсек қатынасының кадрлары біз үшін, қазақтарға ерсі. Мен үшін солай. Одан бөлек те ел алдында жүрген соң небір әңгімелер айталып жатады. Біреумен түскен сурет үшін де әркім ойдан жаман сөз шығара салады. Кейбірі ақтап айтуы мүмкін", деді әнші. 

Ұлы да баласының айтуынша, Әбдіжаппардың басына сынақ түсіп, елдің сөзіне қалған шақта бірінші болып қолдау білдірген екен. Бірге ән жазуды өзі ұсынған. Себебі өз басынан да осындай жайт өткен еді.

"Бұл өмірді ақыретпен бағыттап алатын болсақ, о дүниеде қалай жауап беремін деген сұрақпен атқаратын болсақ, бәрі гүлденер еді. Алла тақуаларды жақсы көреді. Біз тақуалар қатарына жатпаймыз. Бірақ ғалымдардың "құдай тәубеге келендеді жақсы көреді" дегені де бар. Сол тәубемізге келіп, қиын шақта құдайдан көмек сұраймын", - деді ТТТ.

 

STAN.KZ
Сәрсенбі, 18 Желтоқсан, 2019 10:36
Талқылау