Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Төреғали Төреәлі қызын перзентханадан ерекше сән-салтанатпен шығарып алды (видео)

Төреғали әйелін перзентханаФото: instagram.com/farizatoreali

Танымал әнші Төреғали Төреәлі жары мен жаңа туған қызының перзентханадан шығуын ерекше әрі есте қаларлықтай етіп ұйымдастырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қуанышты сәттің кадрларын әнші әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. 

“Толқынның махаббатынан жаралған ең асыл сый”, – деп жазды өнер иесі. 

Төреғали Төреәлі жары мен қызының перзентханадан шығуына ерекше дайындалып, алып қуыршақтар, сансыз шарлар мен миллион раушан гүлін дайындаған. Оның бұл жазбасы аз уақыт ішінде 94 мыңға жуық лайк жинады. Желі қолданушылары кішкентай ханшайымға бақыт пен ұзақ ғұмыр тіледі.

Сондай-ақ Төреғалидің қарындасы Фариза да парақшасында перзентханадан шығару сәтінен суреттер жариялады. Ол отбасында үлкен қуаныш болып жатқанын атап өтіп, жетінші рет ана атанған батыр жеңгесіне ерекше алғысын білдірді.

Мәриям сәбидің келуіне орай үй де ерекше безендірілген. Сүт түстес шарлармен көмкерілген нәзік реңктегі фотозона орнатылған. Ал жақындарының жүзінен күн нұрынан да жарық шаттық сезіледі.

Айта кетейік, бұған дейін әнші Төреғали Төреәлінің жетінші сәбиі дүниеге келгені хабарланған еді. Кейінірек өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында жүрекжарды жазба жариялап, қызына қандай есім бергенін айтты. 

Балнұр Рахматуллақызы
Дүйсенбі, 13 Сәуір, 2026 15:24