Қостанайдағы жол апатынан төрт адам ажал құшты

Фото: Видеодан скрин
Қостанай облысында жантүршігерлік жол апаты болып, төрт адам қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қостанай-Әулиекөл-Сұрған тас жолының 106 шақырымында Mercedes пен ВАЗ көліктері бетпе-бет соқтығысып, оқиға орнында төрт адам көз жұмды.
Бұл ақпаратты Қостанай облысы Полиция департаменті растады.
“Алдын ала мәлімет бойынша, Mercedes-Benz 200 көлігінің жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кеткен. Соның салдарынан ВАЗ автокөлігімен соқтығысқан”, – деп мәлімдеді ведомство.
Жол-көлік оқиғасынан алты адам зардап шекті. Қазір олардың екеуі ауруханада жатыр. Полиция қылмыстық іс қозғап, оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Ведомство жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және жолда барынша мұқият болуға шақырды.
Неге Қазақстан қалаларында аялдама бағасы пәтер құнымен тең: Әкімдіктер қанша қаржы жұмсайды?
Бір аялдаманың орташа құны шамамен 10,3 миллион теңге
Ақтөбедегі қанды терактіге 10 жыл: Елді дүр сілкіндірген оқиға қалай болған еді
2016 жылы 5 маусымда Ақтөбе қаласында ең қанды террорлық шабуылдардың бірі болды
Оқыңыз