Төреғали Төреәлі өзі сынаған “Ninety one” тобының образын қайталады
Осы уақытқа дейін Төреғали Төреәлі “Ninety one” тобының киімдерін сынап келген-ді. Енді міне әншінің өзі аталған топтың киіну стилін қайталап жүр. Бұған жуырда түсірілген бейнебаяны дәлел.
Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасында айтылды.
Төреғали Төреәлінің басы тағы да дауға қалды. Бұл жолғы әңгімеге Ерке Есмахан мен журналистердің мүлдем қатысы жоқ. Әңгіме әншінің жаңа бейнебаянына қатысты болып отыр. Ол өткен жылы “Ninety one” тобын сынаған-ды. Әсіресе, образдарының қазақ жігіттеріне жат екенін айтқан болатын. Алайда әнші жуырда түсірген бейнебаянында аталған топ әншісінің образын қайталаған болып шықты.
“Бейнебаянды Мәскеуде түсірдік. Ішінде ат пен қыз, әртүрлі образ және гитарашы жігіт бар. Соңғысын Алматы қаласында түсірдік. Ал қалған кадрдағы жерлер Мәскеу қаласына тиесілі. Бұл бейнебаянның не себепті қайталанып түсіріліп жатқанын білмедім. Ол туралы Төреғалиден ашық сұраған емеспін… Алдында түсірген жігіттер тек бір қызды алуды жөн көрген сыңайлы”, – дейді бейнебаян режиссері Мейірман Махатов.
Аталған бейнебаянда Төреғалидің киген киімі жұрт аузында жүр. Себебі, әншінің образы “Ninety one” тобының солисінікіне ұқсап қалған. Желіде “Бір кездері 91 тобының киімін сынаған Төрештің өзі сол топтың киім кию стилін қайталады” деп жазғандар да болды. Алайда Мейірман Махатов мырза әншінің киіміне шаң жуытпай отыр.
“Қазақстанда негізінен барлығы тойға бағытталған. Әншілер өздерінің логотиптерімен түрлі костюм тіккізіп жатады. Бұл жолы оның образын жасауға Айнұр Тұрысбек көмектесті. Өзіне де, өзгеге де ұнады. Өзінің ерекше, қазақы шапаны бар. Бұдан өзге шашақтары бар күрте алған екен. Бейнебаянда барлығы екі образ болды. Шапанды да, шалбарды да арнайы сатып алды. Үстіндегі шапаны 5-7 мың доллар, ал шалбары сәл арзандау. Жұрт “Ninety one” деп шулап жатады. Олардың әнші немесе топ екенін көп уақыт бойы білмей келдім. Оларды тыңдаған да, көрген де, естіген де емеспін. Бірақ бейнебаянның астына жұрттың солар туралы пікір жазғанын байқадым… Аталған топта кәрістерге еліктеп жүрген жігіттер өнер көрсетеді. Бірақ олар мен Төреғалидың образдары мүлдем ұқсамайды”, – дейді режиссер мырза.
Жіберіп алмаңыз:
Лара Фабиан Димашты жеңісімен құттықтады
Ата-анасы: Ауылдың ауасымен тыныс алған Димашқа қалған 7 кезең оңай болады (видео)
Төреғали Төреәлі Қайрат Нұртасқа арнап өлең шығарды
Айдана Меденова бал айында түнеген қонақүйге қызын апарды (фото)