Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ата-анасы: Ауылдың ауасымен тыныс алған Димашқа қалған 7 кезең оңай болады (видео)

Ақтөбеге Димаш Құдайберген келді. Қытайдағы «Singer-2017» ән байқауында бақ сынап жатқан қазақ әншісін күтіп алғандар арасында оның ата-анасы Қанат пен Света Айтбаевтар да болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

dimashmama

Димаш Құдайбергенді күтіп алу үшін ақтөбеліктер бір сағат бұрын халықаралық әуежайға жиналды. Олардың араларында Димаш білім алған мектеп пен музыкалық колледждің ұжымы және студенттер жүр. Еріктілер Димаштың әнін сүйсіне тыңдап, қолдау білдіріп жүрген мүгедек жандарды да ертіп әкелді.

«Димашты күтіп алуға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен қала әкімі Ілияс Испановтың өзі келді. Бұл үшін алғыс айтамыз. Димашпен бірге «Hunan» телеарнасының түсіру тобы Ақтөбеде болады. Олар ертең Ақтөбе қаласының көрікті жерлерін аралап, мектепке, музыкалық колледжге барады. Оны ата-анасы сағына күтті»,- деді Димаштың әкесі Қанат Айтбаев.

Ұлын күтуге әуежайға Света Айтбаева да келіп, ақтөбеліктерге ризашылығын білдірді.

«Өңір халқына алғысымыз шексіз. Жанында жүрген Алпамыс досына, Астанада бірге оқыған барлық достарына алғыс айтамын. Олар қолдап, үнемі жанынан табылды. Үйде атасы мен әжесі күтіп отыр. Біз шыдай алмай, әуежайға келдік»,-деді Светлана Айтбаева.

dimashmama. Жанында бір топ телеарна қызметкері бар.

«Димаш байқаудың тең жартысынан өтті. Ауылдың ауасымен тыныстаған соң қалған 7 кезең оған оңай болады деп ойлаймыз»,- деді Светлана Айтбаева.

Айта кетсек, қазақстандық әнші түсірілім жұмыстары толық аяқталғаннан кейін елге Үрімжі әуежайынан ұшып шықты. Димаштың әуе рейсін алдын-ала біліп алған көптеген жанкүйер оны “Дудар-ай” әнімен жолға шығарып салды. Димаш 23 ақпан күні “Мен әншімін” ән байқауының жетінші кезеңінде «Дайдидау» әнін шырқап, үшінші орыннан көрінді. Бұл кезең эфирге 4 наурыз күні шығады.

Жіберіп алмаңыз:

Жерлестері Димашты Ақтөбеде ерекше ықыласпен қарсы алды (фото, видео)

Димашты Астанада қарсы алған жанкүйер көп болмады

Қайрат Нұртас Лара Фабианның әнін пианиномен орындады (видео)

Қайрат Нұртас барар жеріне тез жету үшін 500 мыңға тікұшақ жалдайды

Димаш Құдайберген “Дайдидау” әнімен жетінші кезеңде үшінші орын алды (фото, видео)

Талқылау