Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Лара Фабиан Димашты жеңісімен құттықтады

Танымал француз әншісі Лара Фабиан өзінің Фейсбуктегі ресми парақшасында Димаш Құдайбергеновты қытайлық “I am a singer” теле-шоуының алтыншы турындағы жеңісімен құттықтады.

20170226104147

Фото: ҚазАқпарат

“Adagio” әні құрлықтарды бағындырып жатыр. Қытайдағы “I am a singer” теле-шоуына қатысып жатқан Димаш Құдайбергеновты құттықтаймын”, – деп жазды әнші.

лара

Димаштың ресми өкілі Алпамыс Шәрімов те әйгілі әншінің құттықтауын растап, атап өтті.

“Батырды Батыр ғана мойындайды! Лара Фабиан Димашты өзінің ресми фейсбук парақшасында құттықтады! @larafabianofficial thank for you!!! Сөзім жоқ!” – деп жазады ол.

Бұған дейін Шәрімов, Лара Фабианның Димашпен кездескісі келетінін хабарлаған еді. 26 ақпан күні Димаш қытайлық шоудың алтыншы кезеңінде “Адажио” әнін орындап, бірінші орын алған болатын. Сол кеште оның бұл әнді орындау шеберлігіне тамсанып, қол соқпаған адам қалмады десе де болғандай.

Оқи отырыңыз:

Жанар Дұғалова Майами қаласында саяхаттап жүр (видео)

“Қазақ аруы” телехикаясы туралы бейнебаян жарыққа шықты (видео)

Қарақат елге танымал әннің мәтінін бұзып айтқаны үшін сыналды (видео)

Төреғалидің “хит” әндерін жазып берген ақын Қайрат Нұртасқа ән сыйлады

Талқылау