Төреғали Төреәлі өзі құрметтейтін ел азаматтарының есімін атады
Күні кеше отандық эстрада жұлдыздары Сәкен Майғазиев пен Мұқасан Шахзадаевтың туған күні болған еді. Әншілерді өнердегі әріптестері мен ел азаматтары жарыса құттықтап жатты. Өз кезегінде аға буын өкілдерін атаулы күнімен құттықтаған Төреғали Төреәлі әншілерге өлең арнап, өзі құрметтейтін адамдардың есімін тізіп берді, деп хабарлайды Stan.kz.
Әнші Төреғали Төреәлі Instagram желісіндегі парақшасында Сәкен Майғазиев пен Мұқасан Шахзадаевты туған күнімен құттықтап, өлең арнады. Ол өлең жолдарында өзі құрметтейтін азаматтардың есімін атады. Бұл арқылы Ұлы дала баласы Павлодардағы концертте қарияға ұрысқаны үшін басы дауға қалған кезде өзін сынап-мінеп, табаламаған әншілерге ризалығын білдірген сыңайлы.
“Сыртыңнан өсек айтпайтын,
Сәнденіп сырға тақпайтын.
Біздердей жас қайыңдардың
Түбіне балта шаппайтын!
Ол Тоқтар Саят ол Сәкен ,
Соларға құрмет көрсетем.
Ағаның бәрі ардақты
Мұқасанымдай болса екен!
жаңа жастарыңыз да
Аға бастарыңызға
Баянды бақыт қонса екен!” – деп жазды Төреғали Төреәлі.
Өз кезегінде желі қолданушылары да әншілерді туған күнімен құттықтап, ақ тілектерін жаудырып жатты.
Оқи отырыңыз:
“Спарта” КВН командасы жеңіске жеткен финалдық ойынның видеосы жарияланды (видео)
Белгілі айтыскер ақындар Сәкен Майғазиевке арнап жарыса өлең жазып жатыр
Атышулы Дәурен Айдарқұлов: Мекке шаһарына баруды жоспарлап отырмын
Қайрат Түнтеков “I’m a singer Kazakhstan” жобасында жеңімпаз атанды
Ерлан Қарин көпшіліктің наразылығын тудырған «Қозы мен Баян» телехикаясына қатысты дауға жауап берді