Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Төреғали Төреәлі Қайрат Нұртасқа арнап өлең шығарды

Төреғали Төреәлі Қайрат Нұртастың туған күніне арнап өлең шығарды.

16907003_1105931242848916_4225723287793041408_n

Фото: instagram.com/toregalitoreali/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Көпшілік Қайрат Нұртас пен Төреғали Төреәлінің арасында бәсеке бар екенін айтады. Алайда қос әнші бұл сөздердің жалған екенін күн сайын дәлелдеп жатқан-ды. Төреғали Төреәлі өнердегі ағасына арнап өлең шығарды. Тіпті, аталған өлеңнің жалғасын қартайған шағында айтып беруге уәде етті.

“Досым, ағам, бауырым жан жолдасым,
Жолдасың өлең арнап ән жолдасын.
Екеуміз аxиреттік дос болайық
Сағатыңа қарап қой сәл болмасын.
Жаса, жайна, жасындай жарқырай бер
Жаратқаным өзіңе жар болғасын.
Әзірге тілек осы Алла жазса
Қалғанын айтып берем шал болғасын”, – дейді Төреғали Төреәлі.

Қос әншінің достығына желі қолданушылары да қуанып жатты. Олар өз кезектерінде жылы лебіздерін жеткізді. “Екеуі де менің сүйікті әншілерім”, “Ақ сақалды ата болуды нәсіп етсін. Аман болыңдар, сүйікті әншілерім!””, “Жігітке жарасарлық болмыс. “Болардың елдің баласы бір-бірін “батырым” дейді. Барлығымыз да осылай бір-бірімізді қолдап жүрейікші”, “Өмірде қаншама жақсылық пен бақыт болса, соның барлығын саған тілеймін Қайрош! Сен біздің мақтанышымызсың” деп жазады желі қолданушылары.


Жіберіп алмаңыз:

Баян Есентаева Мальдив жігіттерімен қосылып таңдай қақтырарлық би биледі (видео)

Айдана Меденова бал айында түнеген қонақүйге қызын апарды (фото)

Қытай журналистері Ақтөбеде Димаш туралы фильм түсіріп жатыр

Димашты Астанада қарсы алған жанкүйер көп болмады

Талқылау