AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Төреғали Төреәлі қасиетті Меккеден қарындасына өлең жолдады

Төреғали Төреәлі жан жары Толқын Тұрарқызымен бірге мұсылмандық борышын өтеуге кіші қажылыққа аттанды. Әнші қасиетті өлкеден Дина қарындасына өлең жолдады. 

Төреәлі Димаш Құдайбергенмен бәсекелеспек: Төреғали Қытайда үлкен жоба бастамақшы

Төреғали Төреәлі қарындасы Динаны туған күнімен құттықтап, сәлем жолдады. Әнші видео арқылы жүректен шыққан өлең жолдарын тарту етті. 

“Кішкентай ботақаным, уа, Динажан,

Өзіңді ойлап өтеді фәниде ағаң.

Қанша жасқа келсең де, қарындасым,

Сол баяғы Нёкасың сәби маған.

Бар бақытты тілейді аға-жеңгең,

Қасиетті Мекке мен Мәдинадан”, – дейді әнші.

Желідегі оқырманы да құттықтау жазып, сәт-сапар тіледі. 

“Алла разы болсын! Жақсы көрем”, – деп жауап берді қарындасы.

“Керемет! Нағыз аға осындай болады”, “Ағасы бардың жағасы бар. Керемет жүрекке жетті”, “Қандай күшті ағаң болған. Менің де қызымды екі ағасы еркелетіп сыйлап алақандарына аялап өсірсінші. Ағасы бардың жағасы бар”, “Керемет тілек білдірді. Алла қабыл етсін. Қарындасың 100 жасқа келсін. Алла екі дүниенің бақыттын нәсіп етсін”, “Жаным, керемет тілек болды ғой. Алла қабыл етсін”, “Құтты болсын қарындасына тілек арнаған ағасы, тілекшіңіз бауырыңыз, қарындасыңның туған күні”, деп жазды желідегілер.



“Атам менің Меккені тауып келді,
Ешкімде жоқ бақытқа қарық болды.
Атасы мен бабасы келмесе де,
Немере, шөбересін алып келді!

Күмбезіне тең келмес мың мұнара,
Саған келу қашанда тұр дұғада.
Қауышқанша қайтадан сағынысып
Қош аман бол сүйікті нұрлы қала!”,  деп жазды Төреғали.

Әншінің әріптестері мен достары желіде ақ жол тілеп, амандықсаулық айтты. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр