Төреғали Төреәлі дүркіретіп өткізген концертінде Республика сарайындағы күйсандықты сындырып кеткен
Өнер жолын ақындықтан бастап, әншілікке бет бұрған Төреғалидің жетістігі жетерлік. Бүгінде ең танымал хит жұлдыздардың бірі. Бір ғана «Алло» әнімен музыкалық чарттардың көшбасшысы атанды. Талай концерттерге шықты, халық талай тойына шақырды. Тіпті, жазған әндерінің кез-келгені хит болғаны соншалықты бір жылдың ішінде атақты Қайрат Нұртастың өзін басып озды. Десе де әншінің аты қалай тез танылса, дауысы да сондай өктем бола түсті.
Бұл туралы 31 арна хабарлайды.
Төреғали Төреәлі «Айхай-25» деген концертін жоспарланған уақытта бастамаған. Ол шоуын бақандай 40 минут кешіктірген. Бұл оқиға Республика сарайының әкімшілігіне мүлдем ұнамапты. Тек бұл ғана емес, басқа да себептер бар көрінеді.
“Гримеркадағы күйсандықты сындырып кетті. Оны бізге айтпаған. Көрсетпей. Өйткені біз күйсандықты ашқан жоқпыз. Содан кейін оған хабарластық. Жауап бересіз бе де айттық. Пернелерін кім жасайтынын сұрадық. Олар бас тартты. Ешкім жауап берген жоқ”, – дейді Республика сарайының концерт ұйымдастырушы маманы Мейірім Ғарифоллаева.
Дегенмен, әншінің досы Жігер Ауыпбаев Төреғалидің соңғы уақытта гастролдік сапардан шаршағанын, тіпті жүйкесінің сыр беріп жүргенін жасырмайды.
“Жүйкесі сыр берген шығар. Соңғы сөйлескенде ауырып жүрмін деген болатын”, – дейді әнші Жігер Ауыпбаев.
Қандай жағдай болмасын, жұрт сүйікті әншісі Төреғалидан үнемі жағымды жаңалық күтеді.
Оқи отырыңыз:
Құқы жоқ: Бақытбек Есентаевтың қарындасы Тұрым Алагөзовтің кешірім сұрауын талап етті
Сабақ алдым: Ақбота Сейітмағамбет қателіктерін қайталамауға уәде берді
Ұшақ бортының қызметкерлері Мақпал Жүнісоваға тосынсый жасады (видео)
Ерке Есмахан Дубайды Ferrari-мен аралағанын айтып мақтанды (видео)