Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сабақ алдым: Ақбота Сейітмағамбет қателіктерін қайталамауға уәде берді

Жеке өмірі жария болған соң елді біраз шулатқан Ақбота Сейітмағамбет енді жақсы жаққа қарай өзгеруге уәде берді. Белгілі әзілкеш Дәурен Айдарқұловпен мұсылманша некесін қидырып, балалы болған Ақбота өткен қателіктерден сабақ алғанын жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz.

“Құрметті менің оқырмандарым! Алла қаласа болашақта сіздерді тек жақсы жаңалықпен қуантқым келеді. Сіздер білесіздер, мен қазір декретте отырғаным мәлім. Болашақта 180 градусқа өзгеріп ұлым үшін, халқым үшін қызмет жасағым келеді. “Қай істің болсын өнуіне үш түрлі шарт бар. Ең әуелі ниет керек, одан соң күш керек, одан соң тәртіп керек” деп М.Әуезов айтқан екен. Бабаларымыздың асыл сөзінен сабақ алып, аянбай еңбек етуге бел будым.

Кез-келген адам қиындыққа төзе жүріп сабақ алады, жіберген қателерін қайталамауға тырысады. Сондықтан мен болашақта әр қадамымды аңдап басып, қателік жібермей, халықтың көңілінен шығу үшін көп еңбектенгім келеді. Бірақ менің аяулы ана, қазақтың ерке қызы, қарындасы, әпкесі, құрбысы, досы екенін ұмытпаңыздар. Мен сіздерді жақсы көремін!” – деп түсіндірді Ақбота.

Инста-оқырмандар жас анаға армандарының орындалуын тіледі.

Жіберіп алмаңыз:

Ұшақ бортының қызметкерлері Мақпал Жүнісоваға тосынсый жасады (видео)

Дидар Кәден әйелі Aeka Posh-пен ажырасқанын мойындады

Саят Медеуов: Амалсыздан депутат болып жүрмін

Ерке Есмахан Дубайды Ferrari-мен аралағанын айтып мақтанды (видео)

Талқылау