Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ерке Есмахан Дубайды Ferrari-мен аралағанын айтып мақтанды (видео)

Осыдан он күндей уақыт бұрын Ерке Есмахан Дубайдағы қазақтардың тойына шақырту алғанын айтқан еді. Жұмыс бабымен БАӘ-ге жол тартқан әнші онда біраз демалып қайтуды да жөн көрген ұқсайды. Әнші ұлы Муслиммен бірге әлі Дубайда жүр, деп жазады Stan.kz.

Демалыс барысында Ерке Дубайдағы Сафари шөлінде, одан кейін ел астанасы Әбу-Дәбидегі мешітте болып қайтты. Сондай-ақ, тікұшаққа отырып, Араб Әмірліктерін жоғарыдан тамашалады. Ал күні кеше Ferrari автокөлігімен Дубайды аралап шықты.

“Менің кішігірім арманым орындалды. Дубай көшесінде Ferrari-мен жүрмін. Көшесіне, ережелеріне үйреніп кеттім. Бүгін Дубайда ауа-райы керемет”, – деп бөлісті Ерке.

Инста-оқырмандардың арасында Еркеге қызыға да, қызғана қарағандардар көп болды.

Әдеттегідей: “Мақтаншақ. Осыған ақша жұмсағанша мұқтаж жандарға бермейсің бе?” – деп сынаған жандар да табылды.

Публикация от Ерке Есмаxан (@erke_esmahan)

Бізбен бөлісетін қызықты жаңалығыңыз, оқиғаңыз болса Stan.kz сайтының WhatsApp номеріне жолдаңыз: +77021152981

Жіберіп алмаңыз:

Жаңа туған сәбиін көрсеткен Дастан Оразбеков жұртты сүйсіндірді

Айқын мен Жұлдыз ұлдарымен бірге Таиландта ұсталып қалды (видео)

Жүрсін Ерман Баян Алагөзованың телехикаясын жақтап сөйледі

Қуат Хамитов ерсі әрекеті үшін Төреғалиді қалай жазалайтынын айтты

Талқылау