Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дидар Кәден әйелі Aeka Posh-пен ажырасқанын мойындады

Әнші Бүркіттің “Логово” атты кинокартинасы жарыққа шыққан соң фильмде басты рөлдердің бірін сомдаған Айым Алтынбекованың күйеуі Дидар Кәденмен ажырасып кеткені жайлы ақпарат тарады. Жұрт екі жастың ажырасуына дәл осы Бүркіттің фильмі себеп болған десті. Осы күнге дейін Дидар да, Айым да бұл туралы ауыз ашпады.

Тіпті, отандық арналардың біріне берген сұхбатында Айым Алтынбекова: “Ажырасқан жоқпын. Отбасымда бәрі жақсы. Күйеуім де, енем де киноға өздері жіберді”, – деп ағынан жарылған болатын.

Алайда экс-жұбайының бұл сөзін актер Дидар Кәден жоққа шығарды. Ол 365.info сайтының “Неге солай?” бағдарламасына берген сұхбатында Айыммен ажырасқанын мойындады.

“Бойдақпын деп жарияға жар сала алмаймын. Өйткені ұлым бар. Аллаға шүкір, бәрі жақсы. Араласамыз, ортада бала бар. Бірақ ажырасып жатқан жалғыз мен емес қой. Оны жариялайтындай жаңалық емес”, – деп түсіндірді ол.

Дидар жарымен не себепті ажырасқанын ашып айтпады. Алайда оған экс-жарымның Instagram жұлдызы және визажист болуы себеп емес, деп ағынан жарылды ол.

“Әйелін қызғанбайтын еркек – еркек емес деп дінімізде де айтылған ғой. Ол жанұялық жағдайға себеп емес деп ойлаймын. Ол әдемілік, заман ағымы. Қазір екі жігіттің бірі той ұйымдастырушы, екі қыздың бірі кірпік өсіреді, екіншісі бет бояйды. Ол заман ағымы ғой. Адамға байланысты ғой негізі”, – деген Дидар негізгі сұрақтан қашқақтап, шындығын айтпады.

Бізбен бөлісетін қызықты жаңалығыңыз, оқиғаңыз болса Stan.kz сайтының WhatsApp номеріне жолдаңыз: +77021152981

Жіберіп алмаңыз:

Мақпал Жүнісова мен Кенжебек бірігіп бейнебаян түсірді (видео)

Ерке Есмахан Дубайды Ferrari-мен аралағанын айтып мақтанды (видео)

Айқын мен Жұлдыз ұлдарымен бірге Таиландта ұсталып қалды (видео)

Шетелдіктер Димашты въетнам, ал Қанат Исламды қытай деп ойлаған (видео)

 

 

Талқылау