Төреғали Төреәлі биыл үйлену тойын жасайтынын мәлімдеді (видео)
Жеке өмірін жұрттан жасырып келген Төреғали Төреәлі сенсациялық мәлімдеме жасады. Ұлы дала баласы биыл күзде үйлену тойын тойламақ ниетте, деп жазады Stan.kz.
Осыдан бірнеше жыл бұрын Толқын есімді сүйіктісін ұзатып алған әнші сол күйі үйлену тойын жасамаған еді. Соған қарап жұрт әншінің шаңырағы шайқалған деп түрлі болжам жасады. Елге жарын таныстырған Қайрат Нұртастың әрекетінен үлгі алса керек-ті, Төреш биыл үйлену тойын дүркіретіп атап өтпек.
Отандық продюсер Жан Мұқанов желідегі парақшасына Төреғали мен оның жары Толқынның той салонының алдында түскен суретін жүктеп, тойға қызу дайындық жүріп жатқанын айтты.
Бұдан өзге, Төреғали 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасына сұхбат беріп, бұл ақпаратты растады.
“Үйлену тойын жасаймыз бұйырса, келіншегім өзі сөйтіп таңғалып жүр”, – деді ағынан жарылған Төреш.
Бағдарламаның толық нұсқасы алдағы жұмада көрерменге жол тартады.
Жіберіп алмаңыз:
Тоқтар Серіков: Тыңдаушының құлағы арзандаған заман болды
Сүйіктісімен айырылысқан Ақбота енді өзін толықтай шығармашылыққа арнамақ
Үйленгенін жасырып келген танымал әнші әке атанды
Қайын атасы ұлын Ақбота Керімбековаға лайық көрмегенін ашып айтты