Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Төреғали Төреәлі үшінші қыздың әкесі атанды

«Сүйінші!!! Алланың қалауымен үшінші қызды болдым», деген әнші Төреғали Төреәлі тағы да қызды болды. Ұлы дала баласы бұл қуанышы туралы өзінің Инстаграм парақшасында хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Әнші Төреғали Төреәлі үшінші қыздың әкесі атанды

Үш қыздың әкесі атанған әншіні желі оқырмандары да, әріптестері де құттықтап, ізгі тілектерін білдіруде.

«Қандай керемет! Бауы берік болсын! Әр әкеге жұғысты болсын. Үш қыз дегеніміз Алланың нұры ғой. Өмірімен берсін, Әмин. Қыз бала несібесімен келеді дейді, несібеңіз мол болсын»,-дейді тілек білдіруші оқырмандар.

Сүйікті әншілерінің қуанышына құтты болсын айтып жатқан кейбір желі қолданушылар кішкентай ханшайымды жақында ғана үшінші рет әке атанған Бүркіттің қызымен жасты болды деп жатыр.

«Бүркіттің қызымен жасты болыпты ғой. Бауы берік болсын. Саналы, иманды, ибалы қыз болып өсуін нәсіп етсін. Мақпал мен Роза апайлары секілді сұлу да, сүйкімді қыз болсын. Қыздарыңның қызығына тоймай жүре бер. Ғұмыр жасы ұзақ болсын»,-деген құттықтау тілектер жазған желі қолданушылар.

Сонымен қатар, кейбір құттықтаушылар артынан ұл болсын деп жатса, әнші Ақылбек Жеменей «жұмаққа кіретін шансың құтты болсын» деп құттықтаған екен.

Қанша рет сынға іліксе де, халықтың ықыласын өзіне қарата білген әншіні құттықтаған оқырмандар да, қазақ өнері өкілдері де “үш қыздың артынан үш ұл келсін” деп, ізгі тілек білдіріп жатыр.

«Құтты болсын Ақпатша балам! Бауы берік болсын жаным! Қыз деген өрісіңнің кеңдігі, ата-анаңның өрісі, Алла берген сыйдың жемісі.Бар жақсылықты қыздан көресің әлі. Артынан Алла қаласа қара шаңырақ иесі ұл келеді»,-деген тілектер жазған әншінің парақшасына.

Оқи отырыңыз:

Ең қымбат әнші Қайрат Нұртас: Қазақстандық әншілер бір тойдан қанша ақша алады

Жанболат пен Жазира балалы болуға ниеттеніп жүргендерін айтты

Тележүргізуші: Өмірдегі Сәуле ұнамай жатса, экрандағыдай Ақжүніс болуға міндетті емеспін

Талқылау