Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Төреғали мен Қайнар Алагөзов танымал журналистпен дауласып қалды

Асхат Садырбай мен Төреғали Төреәлі арасындағы дау осыдан бір ай бұрын басталды. Ол уақытта Асхат Садырбай әншінің мәдениетсіздік танытқанын айтқанымен, өнер иесінің атын атап, түсін түстемеді. Дегенмен көпшілік ол жазбаның Төреғалиге арналғанын түсінді, деп жазады Stan.kz.

Асхат өзі жүргізетін “Hit Қазақстан” жобасында дауыс саны бойынша 91 тобынан қалып кеткен әншінің өзіне дөрекі сөздер жазғанын ашып айтқан еді. Төреғалидің атын атамаса да, журналист тізімде 91-ден кейін Төреғалидің тұрғанын скриншот арқылы көрсетті. Төреғали үнсіз қалғандықтан, бұл даудың нүктесі қойылғандай көрінді. Бірақ…

Күні кеше әнші Әйкерім Қалаубаева журналист досы Асхат Садырбай қатысқан басғдарламаны жарнамалаймын деп дауға қалды. Төреғали Төреәлі: “Айкөш, подружкаңды жарнама етіп отырсың ба?” – деп журналисті келеке еткен. Оның сөзін ақын Қайнар Алагөзов қоштай түскен.

Ей, Асхат! Төреш туралы әңгіме саған қалмаған шығар. Аузыңа сиятын әңгіме айт. Сенің кім екеніңді халық біледі ғой. Мен айтпай-ақ қояйын“, –  деп пікір білдірді хит әндердің авторы.

Қос өнер иесінің пікірін парақшасына жариялаған Асхат Садырбай оларға былай деп жауап берді:

“Осыларды да өнердің өкілдері, мәдениетті насиxаттаушы, өнерпаз дейді-ау?! Пір тұтатын өнерпаздарымыздың әңгімелері осы болса жетіскен екенбіз! Ұят. Бұл олардың тараптарынан бықсып жатқан бірінші әңгіме емес. Сендер қолдарыңды инстаграмға ала шаппас бұрын алдымен бағдарламаны көрулерің керек еді. Өкінішті.

Қайнар, иә, менің қандай екенімді xалық біледі. Халық сені де, сенің қорғаштап отырған әншіңді де жақсы біледі. Ал, мен журналистпін, сендер жайлы өзгелерден көбірек білемін. Бірақ жарияға жар салып ғайбаттау менің тәрбиемде жоқ. Ашуыма тимеңдер. Мен сені танымаймын, сырттан тып-тыныш сыйласып жүре берейік. Қазақпын деп көкірек қағып показуxа жасамай, қазақ деген атқа лайық болайық. Мынау тірліктерің ұят! Аттарыңа да, заттарыңа да сын! Мен сендермен айтысқым келмейді. Мен бейбітшілік және тұрақтылық үшін! Әңгіме осымен бітсін”.

Жіберіп алмаңыз:

Гүлзира Айдарбекова келінін жылдар бойы жасыруының себебін ашып айтты

Мөлдір Әуелбекова күйеуімен екі бөлек қалада тұрып жатқанын мойындады

Лидия Каденованың келіні жас әншімен көңіл қосқан ба? (видео)

“Өмір шындығы”: Баян Мақсатқызы Қайраттың фильміне қатысты пікір білдірді

Талқылау