Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Топтық зорлаудың құрбаны болған 15 жастағы қызды анасы шынжырмен байлап қойған

Дағыстанда топтық зорлаудың құрбаны болған 15 жастағы қызды анасы шынжырмен байлап қойған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Сапа Кавказ" басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Хасавюрт қаласында жасөспірім қызды анасы үш күн бойы пәтердегі шойын батареяға шынжырмен байлап ұстаған.

Қыз әрең дегенде аман қалды. Ол көмек сұрап жазған хатын теледидардың пультіне байлап, терезеден лақтырған. Пультті көшеден өтіп бара жатқан әйел тауып алып, полицияға хабар берген.


Алматыда 14 жастағы жасөспірім өз ағасының үш жыл бойы зорлап келгеніне шағымданды: Күдікті ұсталды


Полицейлер байлауда отырған қызды босатып алған. Қазіргі таңда қыз оңалту орталығында.

Анасы мен қыздың туыстары бұл әрекеттерін оны тәрбиелеу мақсатында жасағандарын түсіндірген. Олардың айтуынша, қыз үйінен қашып кеткен, сондай-ақ топтық зорлық-зомбылыққа ұшырағанын және сыныптастарының есірткі қолдануға үгіттегенін айтқан. Туыстары оны отбасының намысын аяққа таптады деп санайтындарын айтты.

Еске салсақ, солтүстік Қазақстанда облысында анасы үй тапсырмасы үшін қызын пышақтап тастағанын жазғанбыз.

Талқылау