"Топырақ жеп жүр": Актриса Жанель Мақажанның жеріктігі жұрттың сынына ұшырады
Фото: Видеодан скриншот
Танымал актриса Жанель Мақажанның жеріктігі жұрттың қызу талқысына түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Актрисаның түсініксіз жеріктігін жолдасы Абай Асылхан көрсетті.
“Кімде осындай жеріктік болды?! Көшеде тұрып жер иіскеп жатыр. Арыққа кіріп алды. Жаңа ғана бір видео көрдім. Бір әйел жеріктігі басылмай, кір сабын жеп жатыр”, – деп жазды Актер.
-
"Аяғы ауыр сияқты": Айгүл Иманбаева күйеуіне арнап жазба жариялап, қызу талқыға түсті
-
Түркістан облысында жүкті әйелін қарағаны үшін фельдшерді соққыға жыққан ер адам қамауға алынды
Желі қолданушылары актрисаның әрекетін қызу талқылады. Бірі дұрыс десе, енді бірі еріккен адамның тірлігі екенін жазды.
"Әйелдің жерік асын беру керек”, Енді көрсетпеген не қалды , сол да сөз болып па, жоқ бұлар ерекше адамдар ма?", "Жүре берсең көре бересің деген екен", "Топырақ жеп жүр”, “Кір сабынды иісіне жерік болған едім”, “Ол жерге адамдар қоқыс тастап кетеді”, “Бензиннің иісіне жерік болып едім”, – деп жазды көпшілік.
@abay.asylkhan Сіздердің әйелдеріңіз не затқа жерік болды?😂👇🏽
♬ Awkward Moments - AstroMusic

"Баласы бар әйелге міндет арту – сауатсыздық": Қазақстандықтар сәбиі бар үйге қонаққа баратындарды сынады
