Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Топан су кезінде тышқандарды арқасына отырғызып құтқарған жылан желі қолданушыларын таңдандырды

Австралияның Квинсленд қаласында тұрғындар ерекше жағдайдың куәгері болды. Толассыз жауын салдарынан суға толған резервуарда тышқан, бақа мен қоңыз аман қалу үшін жыланның арқасына жабысып алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

жылан

Желі қолданушыларын жыланның әрекеті таңдандырған. Бауырымен жорғалаушы арқасында отырған "қонақтарды" түсіріп тастауға немесе қуып жіберуге тырыспаған. 

"Қиын кезең туғанда австралиялықтар бір-біріне көмектеседі", – деп жазды желі қолданушыларының бірі. 



"Жыланның оларға қамқор болғанын сезіп тұрмын", – деді келесісі. 

Оқиға орнына жеткен құтқарушылар топан суда қалған жануарларды құтқарған. 

Айта кетейік, бұған дейін иттердің киіміне 8 миллион теңге жұмсаған әйел туралы хабарлаған едік. Әйел сыртқа шыққан кезде иттерінің бір киімді екі рет қайталап кимеуін қадағалаған. 

Назархан Уән
Дүйсенбі, 28 Ақпан, 2022 09:06
Талқылау