Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Тоңазытқышқа ақша тыққан": Батыс Қазақстан медицина университеті ректорын ұстау сәтінің видеосы жарияланды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Батыс Қазақстан медицина университетінің ректорын ұстау сәті түсірілген видео жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото видеодан алынған

Алматы облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің ректорын тұтқындағанын растады.

“Ол медициналық жабдықтарды мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша бюджет қаражатын кедергісіз аударғаны үшін Алматы қаласының кәсіпкерінен 11,6 млн теңге көлемінде пара алған”, – делінген агенттік хабарламасында.

Ұстау сәті түсріліген видео агенттіктің ресми Telegram арнасында жарияланды. Кадрлардан, пәтерді тінту жүргізілгенін, қызметкерлердің мұздатқыштан бір пакет ақша тапқанын көруге болады. 

Еске салсақ, бұған дейін М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің ректоры Әсет Қалиевтің ұсталғаны туралы жазған едік.

Талқылау