Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоңазытқышты да аша алмайды: Суыққа аллергиясы бар қыз қалай өмір сүруде (фото)

Канадалық 21 жастағы бойжеткен Арианна Кент ерекше дертпен ауырады. Суыққа шықса, денесі бөртіп, қышыма пайда болады.

Соған қарамастан Ариана қыста ауа райы 40 градус суық болатын жақта тұрады. Ол тоңазытқышты ашып, зат ала алмайды. Оның өзі денесіне аллергия туғызады.

Арианана «қысқа аллергиясы бар қыз» деп атанып кеткен. Ол жаз айында да мұзды сусын ішсе, суық су ішсе, аздап жел соқса, салқын суға түссе, аллергиялық реакция туады.

Бойжеткен суық күнде далада 5 минуттан астам уақыт жүре алмайды. Сондықтан күннің ұзақ уақытын үйінде өткізеді.

«Алдын ала ауа райын қарап, көбіне үйде отырам. Тоңып қалсам тез арада жылынуға тырысам», – дейді өзі.

Кондиционер мен тоңазытқышты суқаны сүймейді. Желдеткіш қосылған дүкендерді аралай алмайды. Егер тамағына мұзды түсіп кетсе, тамағы ісініп ауырады.

«Мен балмұздақ жеп отырғандай болам», – дейді Аринна.

Алғаш рет 14 жасында қар жеген соң, тамағы ауырып, тыныс ала алмай қалған. Дәрігерлер бойжеткенге суыққа қарсы қатерлі ісік деген диагноз қойған.

Айына бір рет ауруханаға жатады. Тамақ мәзірінен гистамині бар тағамдарды, ірімшік пен ананас, йогурт, тұзды қиыр, орамжапырақты алып тастады.

Арианна мейрамханада жұмыс істейді. Онда ең алдымен тартымды көрінуге міндетті. Бірде ауруы асқынғаны үшін жұмысынан шығып кетуге шақ қалған. Бойжеткен жылы киінгенде денесіндегі бөртпелері жойылып кетеді. Мұны көріп әріптестері таңғалыпты. Ол тоңазытқышты ашқанда денесіндегі бөртпелері қайтап қаптап кеткен. Осыдан соң басшылығы суыққа аллергия болады дегенге көзі жеткен екен.

Талқылау