AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Тоңазытқыштың есігі үшін ашуланды": Күйеуі аяусыз соққыға жыққан алматылық әйел өз өмірі үшін қорқатынын айтады

Алматылық Раушан есімді әйелді күйеуі аяусыз соққыға жыққан. Алайда құқық қорғау органдары ешқандай шара қабылдамаған. Салдарынан әйел бас сүйек-ми жарақатын алған, миы шайқалып, тісі сынған. Айтуынша, күйеуі тоңазытқыштың есігі үшін ұрған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Astana арнасына сілтеме жасап. 

әйел

"Мен шкафтың жанында тұрғанмын, сосын басымды қабырғаға соқты. Жұдырықпен барлық жерімнен ұра бастады. Басымнан, бетімнен ұрды", – дейді Талғар тұрғыны Раушан. 

Раушан бірнеше сағат соққыға жығылғанын айтады. Күйеуін үйіне келген туысқандары тоқтатқан. Әйелдің топшылауынша, жары есірткі қолдануы мүмкін екен. 

"Көзі қарапайым адамдікіндей емес. Тіпті көзіне қарауға қорқасың. Өз өмірім үшін қорқамын, себебі ол жазадан сытылып кетуі мүмкін", – деді Раушан. 

Полицейлер болған жағдайдан кейін еш шара қабылдамаған. Еріктілердің айтуынша, тәртіп сақшылары денесіндегі соққы іздеріне де назар аудармаған.

"Учаскелік полицей сот-медициналық сараптамаға бағыттағанда келтірілген барлық зақымдарды жазбаған. Әйелде алынбалы-салынбалы тіс болған. Айыпталушының бір соққысынан кейін ол түсіп қалған. Алайда полицей мұны көрсетпеген. Сәйкесінше, сот-медициналық сараптама да мұны назарға алмаған. Неліктен? Екіншіден, сараптама жасау кезінде де заң бұзушылықтар болды. Тексерусіз, қосымша ақпаратсыз денсаулығына жеңіл зиян келтірілген деп жазып берген", – деді "Svet" қоғамдық қорының директоры Кирилл Флаймен. 

Алматы облысының полиция департаменті неліктен заң бұзушылықтар жіберілгенін түсіндіріп бере алмаған. Раушанның сөзінше, күйеуі әлі қоқан-лоқы көрсетеді екен. Ол төрт баласымен бірге жарынан тығылуға мәжбүр. Ал үй жалдау үшін жәрдемақының жартысын жұмсайды екен.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр