"Тонаушыны ақтап алуды қою керек": Ләйлә Сұлтанқызы желіде талқыға түскен аяқ киімге қатысты
Ләйлә Сұлтанқызы желіде талқыға түскен аяқ киімге қатысты пікір білдірді. Бұған дейін Алматыдағы тәртіпсіздік кезінде ескі кроссовкиін шешіп, жаңа етік кииіп кеткен тонаушыны көпшілік ақтап алуға тырысқан еді. Тележүргізушінің айтуынша, мұндай қылмысты ақтауды доғару керек, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Шынымен, жандарыңыз ашып отыр ма? Сол тонаушы қазір өз халқынан тонаған жаңа аяқ киіммен жүр деп те ойлап көрейікші. Бұл бейбіт митинг емес екеніне көзіміз жетті ғой. Бірақ әлі де осы кроссовкиге қарап, тебіреніп жатқандар бар екен.
Мен бүлік кезінде қол-аяғы кеміс бір адамды көрмедім. Он екі мүшесі сау бола отырып, қазіргі ер адамдар өзіне бір қыстық аяқ киім сатып ала алмайды дегенге сенбеймін. Мұны романтизациялап қажеті жоқ. Бұл спорттық аяқ киім тез қозғалу үшін, қашу үшін арнайы киілген.
Жақтап, аяп отырғандарға айтарым, сіздің, мына сіздің жеке затыңызды тонаушы ұрлап кетсе де аяп отыра бересіз бе? Ешкім де өз заты тоналса, кешірмейді. Ол бірден полицияға арызданады. Сол дүкен иесі де қарапайым халық қой. "Ит ашуын тырнадан алса", бұл әділдік емес.
- "Терезені оқ тесіп өткен": Лидо Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде туысының үйіне қашқан
Тонаушыны ақтап алуды қою керек. Қылмыс бар жерде кешірім, мейірім, жағдай солай деген болмайды. Жемқорлықсыз, өтіріксіз жаңа Қазақстанды өзімізден бастасақ қалай қарайсыздар?" - деп жазды Сұлтанқызы.
Алайда тележүргізушінің бірқатар оқырмандары қарсы пікір жазды.
"30 жыл ел тонаган адамдар жайында неге пост салмайсыз, Лейла?", "Не деген ақылдысыз, Ләйлә ханым... Халық осы жағдайға қалай жетті? Неге ашықтық? Неге тонадық бірімізді біріміз? Кроссовка сатып ала алмағанға таң қалмаңыз? Нан алатын қаражаты жоқ отбасылар бар! Неге? Неге? Қалай?!","Миллиардтап ұрлағандар адал, бір етік киіп кеткен ұры... Парадокс!", "30 жыл ұрлаған ұрылар ше? Аяймыз ба?", "Ләйлә ханым, бұдан да жаман аяқ киіммен жасөспірім балалар жүр, неше түрін көріп жүрміз, осы халықтың осыншама азып тозып кеткен халықты тонаған, осы жағдайға жеткізген нағыз ұрылар туралы жазсаңыз жақсы болар еді", - деп жазды оқырмандар.

Азық-түлік, газ, темекі қымбаттайды, әскерилер үйді жекешелендіріп ала алады: Қазақстанда 1 шілдеден бастап не өзгереді
