"Толғақты көрген жоқ": Ішіне қарбыз байлап алып, жүкті әйелдің күйін кешкен Абай Асылхан жұртты күлкіге қарқ қылды
Танымал актриса Жәнел Мақажан мен Абай Асылхан үшінші сәбиін күтіп жүр. Өнер иесі жүкті әйелге жүріп-тұрудың қаншалықты қиын екенін көрсету үшін, күйеуінің ішіне қарбыз байлап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Видеодан кадр
Ішіне қарбыз байлап алған Абай Асылханның епсіз қимылдары желі қолданушыларын күлкіге қалдырды. Алғашқы сәтте-ақ ол орнынан тұра алмай, жерге түскен затты көтере алмай, өз бетінше шұлығын кие алмай әбден қиналды. Жүкті әйелдің күйіне енген актер сәбиін жүрегінің астында 9 ай көтеріп жүрген әйелге қаншалықты қиын екенін түсінді. Абай Асылхан 2-3 келі қарбызды көтеріп жүремін деп қара терге түсті.
“Күйеуім менің жағдайымды түсінді”, – деп жазды Жәнел Мақажан.
Желі қолдануышыларының басым бөлігі мұны әзіл деп түсініп, күлкіге айналдырса, енді біріне мұнысы жақпай қалды.
“Осындай видео көрсем, жаным кіреді”, “Ол әлі осы салмақпен қалың киініп, көктайғақпен жүріп көрген жоқ”, “Бұл бергі жағы, әлі толғақты сезініп көрген жоқ”, “Қарбыз кішірек екен, үлкенін алу керек еді”, “Түсінгеніне рахмет. Шынымен қиналып тұрғаны көрініп тұр”, “Еріккендер”, “Істерге ісі жоқ па?”, “Бала көтеріп жүрген жалғыз әйел сияқты”, “Осы жұп біртүрлі”, “Қуып кетті”, – деп жазды желідегілер.