Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Толғағы болмағандықтан жатқызылған жоқ": Үйде босанған алматылық әйел не себепті қабылданбағанын перинатология орталығы түсіндірді

Осыдан бірер күн бұрын толғағы қысып, перзентханаға келген әйелді ақ халаттылар коронавирусқа қатысты ПТР нәтижесі болмағандықтан қайтарып жібергенін хабарлаған болатынбыз. Перзентханаға босануға келген алматылық әйелді не себепті қабылдамағандарын Stan.kz тілшісіне "Акушерия, гинекология және перинатология" АҚ ғылыми орталығы түсіндірді.

"Емделуші Пушко. орталықтың қабылдау бөліміне 1 шілдеде келді. ҚР Бас санитар дәрігерінің №4325 маусым 2020 жылы шыққан қаулысына сәйкес ПЦР әдісі бойынша алдын алу мақсатында тестілеу жоспарлы және шұғыл түрде стационарға жеткізілу тиіс науқастарға, екіқабат және жаңа босанған аналарға жүргізіледі. 

Толғақтың болмауына байланысты шұғыл түрде ауруханаға жатқызылу жүргізілген жоқ. Науқасқа өзінің тұрғылықты орнына байланысты емханада COVID-ке тексерілу керектігі, ауруханаға толғақ басталған соң жатқызылу жайлы ұсыныс айтылған", - деді Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығы» АҚ баспасөз хатшысы Алуа Мырзахановна.

Перзентхана өз кезегінде экспресс-тестері жоқ екенін айтады, сондықтан барлық босанғалы жүрген әйелдер дайын нәтижелермен келуі тиіс.

"Емхана босанатын әйелді дайындап, тегін тестке жіберу керек. Біз тек теріс сынақтың болуымен қабылдаймыз", - деп түсіндірді тіркеу бөлімінде.

Ал Денсаулық сақтау министрлігі бұл республикалық бағыттағы ғылыми орталық олардың қарамағына кірмейтіндігін айтады.

"Біздің қарамағымыздағы барлық ұйымдар шұғыл жағдайдағы жүкті әйелдерді ПЦР тестінсіз қабылдайды", - деді министрлікте.

Айта кетейік, кеше перзентханада коронавирусқа тесті болмағандықтан үйде босанған алматылық әйел жайлы хабарланған еді. 

 

Талқылау