Әділет министрі Қазақстанда мемлекеттік алименттік қор құру туралы ұсыныстан бас тартты
Фото: lelchitsy.by
Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев мәжіліс отырысында Қазақстанда алименттік мемлекеттік қор құру идеясын қолдамайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Үкімет сағатында мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов министр Сәрсембаевтан мемлекеттік алименттік қор құру жөніндегі министрлік ұстанымын сұрады.
“Сіздің партия (Халық партиясы – ред.) ұсынған ұсынысыңыз (мемлекеттік алименттік қор құру ұсынысы – ред.) бірнеше рет зерделенді, оның оң және теріс жақтары бар. Министрлік мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп жұмыс істеді, бірақ бұл мәселе қолдау таппады”, – деп жауап берді Сәрсембаев депутат сауалына.
Министрдің айтуынша, алименттік қор құру республикалық бюджетке салмақ түсіреді. Сонымен бірге алимент төлеуге міндетті тұлғалар тарапынан “масыл болуды” жиілетуі мүмкін дейді ол. Мемлекет алименттерді төлеуді өз мойнына алатынын білген соң, төлемеушілер саны бірнеше есе артуы мүмкін деп есептейді Сәрсембаев.
"Сондықтан бұл қорды құруға асығудың қажеті жоқ дегенге тағы бір дәлел – осы. Меніңше, ең әуелі, тәрбие беру жолдарын, мәдениетті көтеру әрі адамдардың санасын арттыру жолдарын қарастыру керек. Өйткені отбасы – жай ғана екі адамның одағы емес, ол балаларының алдындағы үлкен жауапкершілік. Бұл жауапкершілікті кәмелетке толған әрбір азамат саналы түрде қабылдап, түсінуі керек. Себебі өз балаларын толыққанды тәрбиелеп, асырай алатын жалғыз адамдар – әке мен ана ғана", – деп есептейді Сәрсембаев.
Ведомство өкілінің мәліметінше, жыл басында алимент төлемеу бойынша мәжбүрлі түрде 283 мың құжат берілген, соның ішінде 12 мыңы немесе 4%-ы проблемалық. Алимент өндіріп алудағы негізгі қиындықтар – тұрақты табыстың болмауы, мүліктің жоқтығы, кей жағдайда табысты әдейі жасыру. Министрдің айтуынша, жыл сайын жұмыссыз борышкерлер саны артып келеді: 2023 жылы олардың саны 4 238 болса, 2024 жылы – 6 232 адам.
ШҚО-да 10 миллион теңге көлемінде алимент төлемеген 7 баланың анасы сотталды
Жамбыл облысында бес баланың анасы 7 жыл бойы алимент төлемеген
Еске салайық бұған дейін қазақстандық ажырасқан еркектер бұрынғы әйелі мен алимент төлеуге қарсы шығып, WhatsApp мессенджерде топ ашты. “Masculism_kaz” деп аталатын қауымдастық ресми түрде тіркелмесе де, еркектер топта өз мәселелерін талқылап, кеңес беріп, заңгерден кеңес алады.

"Күн сайын 20 000 теңге беруге уәде берген": Қазақстандық азамат ИП-сін жалға беріп, алаяқтардың құрбаны болды
