Тоқтар Серіков Төреғалиді атаққа мас болмай, “жұлдыз ауруынан” сақ болуға шақырды (видео)
Бүгінде атағы аспандап тұрған Төреғалидың жуырда 5 күн қатарынан концерт беріп дүйім жұрттың ыстық ықыласына бөленгені тағы бар. Алайда, туған күнін айхайлатып өткізген серіге аға буын өкілдерінің айтар ақылы мен кеңестері көп көрінеді. Мәселен, Stan.kz тілшісіне эксклюзивті сұхбат берген Тоқтар Серіков, танымал әншінің «жұлдыз ауруынан» сақ болуын өтінді.
«Атаққа жету де оңай дүние емес. Ең қиыны ұстап қалу ғой. Қыранда, шыршығада бір биікте қалықтап тұра бермейді. Оның да қанаты талады, олда жерге қонады. Атақты ұстап тұруды адамға ғана Алла тағала солай жасап қойған. Адамның өзі тайқып кетеді. Шарапқа мас болсаң ештеңе етпес, ал атаққа мас болсаң айығу өте қиын. Ең жаман нәрсе осы», – дейді Тоқтар Серіков.
Атақ, мансап, жұлдыз ауруы, танымалдылық! Бұл халықтың жүрегінен орын алған өнерпазға ғана бұйыратын бақ! Алайда, тағдырдың тартуын дер кезінде ұстап, халықтың махаббатына мәңгілік бөлену үшін жоғарыдағы жетістіктер аздық ететін көрінеді. Сондықтан, Тоқтар Серіков Төрештің қарапайым қалпынан танбауын қалайды.
«Осы атақты өз биігінде, өз дәрежесінде ұстап қалу деген ерлік. Нағыз өнердің иесі сол. Осы атақты ұстап қалу үшін қарапайымдылық, имандылық, адалдық, мәрттік, мықтылық, сабырлықтың барлығы қосылған кезде осы атақты сақтап қаласың. Егер де осының ішінде біреуі кем болатын болса, атағыңда, барлығы жерге құлайды. Атақ шаңырақ сияқты, оны бірнеше уық ұстап тұрады», – дейді әнші Серіков.
Иә, осыдан 15 жыл бұрын мұндай қошеметке Мейрамбек пен Тоқтарда бөленген еді. #Айхай25-ті дүркіретіп өткізген қос жұлдыз әлі күнге дейін халық назарында болудың құпиясымен бөлісті.
«Өзімнің жеке басым сақтанатын нәрсем елдің сөзіне қалмау. Бір жерде өзімнің осал тұсымды көрсетіп қоймау. Жаным күйзеліске ұшырап, ауырып тұрсамда жымиып күліп, ол жасандылық емес. Халықтың көңілін қалдырмауға тырысамын. Себебі, халықтан әулие ешкім жоқ. Біз де дәл осы Төреғалидың дәрежесінде болдық. Ол кезде жас болдық, буынымыз қатпаған. Керемет қыздар ғашық болып, артымыздан жүгірді. Солардың барлығын өкпелеткен жоқпыз. Шамамыз жеткенше шын ағалық ниетімізді, достық ықыласымызды білдіріп кеттік», – дейді ағалық ақылын айтқан Тоқтар Серіков.
Ескерту! Материалды көшіріп басу үшін, редакцияның хат түріндегі рұқсатын алу керек.
Жіберіп алмаңыз:
Төреғалидің үйлену тойы отандық арнадан тікелей эфир арқылы көрсетілмек
Ермахан Ыбырайымов әкесінің 80 жас мерейтойына орай 500 адамға той жасамақшы (фото)
Жұлдыздар жауап берсін: 25 жаста мен не істедім?
Сарым: Атамбаевтың ақымақтығы үшін араздаспай, қырғыздармен достығымызды сақтап қалуымыз керек