Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқтар Серіков: Қазақты қасқырға ұқсатамын, ол ешқашан ешкімге бағынбайды

Белгілі әнші, продюсер Тоқтар Серіков өзінің сырымен бөлісті. Сөзінше, әнші қасқырларды жоғары қоятын көрінеді. Өз әңгімесінде ол көкжалдарды нағыз аңдардың төресі екендігін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Тоқтар Серіков қазақтар қасқырларға еліктесе екен дейді. 

"Өз-өзімді бағалайтын болсам, қасқырға ұқсағым келеді деп айтатын едім. Қасқырлар аңның төресі ғой. Осы уақытқа дейін цирктерде адамға, таяққа бағынып тұрған бірде-бір қасқыр көрмеппін. Жалпы қасқыр ешкімге ұқсамайтын, жекеше өмір сүретін жыртқыш қой. Күллі қазақ қасқырға ұқсасыншы", - деп бөлісті әнші. 

Бұған қоса продюсер қасқырдың күшігіне тиіскен жағдайда өш алмай қоймайтындығын айтып, бұны нағыз еліктейтін қасиет деп атады. 

"Қасқырды аңшылар топ болып қуып келе жатқан кезде олардың арасынан "мені ата ғой" деп бөлініп шығатындары да болады. Оны аңшылар жақсы біледіі. Ол қасқыр сол үйірдің арланы болып есептеледі. Сондағы әлгі арланның бар ойы қасқырлардың арасындағы ұрғашысын, кәрісін, күшіктерін өлімнен алып қалу. Эмоцияға берілген аңшы үлкен қасқырдың өзгелерден бөлініп шыққанын соны қуып, соны атып алмақшы болады. Өз басым қасқырларды қатты құрметтеймін. Көкжалдар өте таза, өздерінің өлкесіне ешкімді жолатпайтын аңдар. Жалпы қазақ жұрты қасқырларға ұқсаса деймін. Өздерінің ұрпағы үшін қашан да құрбандыққа бара алатын жұрт боса деймін", - дейді Тоқтар Серіков 

STAN.KZ
Сейсенбі, 14 Қаңтар, 2020 16:51
Талқылау