Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқтар Серіков: 91-ге ерегіскенде сақалым ағарғанша сахнада жүремін

Атышулы «Ninety one» бестігі отандық шоу-бизнеске қадам басқанда, қазақ өнерінің аға буыны наразылығын білдіріп, тіпті аталмыш ұжымды сахнадан алшақтатуды ұсынған еді. Тіпті «91» тобының образына көңілі толмаған Тоқтар Серіков өнермен қоштасатынын айтып, дұйім жұртты дүр сілкіндірген болатын. Stan.kz тілшісіне эксклюзивті сұхбат берген әнші бүгінде алғашқы ойынан айнып қалған көрінеді.

найнти уан 1509

«Қазақта әдемі сөз бар. Битке өкпелеп, тоныңды отқа тастама дейді. «Найнти уан» тобы мен үшін кім? Басында ашуланғанмын. Бірақ ерегіскенде солар үшін өнерде жүремін. Өнерден кетпеймін. Қазақ өнерінде табаным тозғанша, сақалым ағарғанша, шамам жеткенше жүруге тырысамын» – дейді Тоқтар.

Иә, Тоқтардың «91» тобына деген пікірі өзгерген жоқ! Ал, аталмыш ұжым бүгінде жанкүйерлер армиясын жасақтаған үздік бойзбендтердің көшін бастап тұр. Тіпті «Ninety one» бестігінің «иглз» деп аталатын фан-клубы құрылып еліміздің әр аймағында белсенді түрде жұмыс жасап жатқандары тағы бар. Алайда, q-pop субмәдениетінің іргетасын қалаған топ тыңдармандарына Тоқтар Серіковтің айтары бар.

«Біздің қазақ өнеріне зиянкестер бұлар. Біздің ұрпақты құртады бұлар. Жастар бізді есту керек, тыңдау керек. «Бауырларым, қарындастарымның құлағына алтын сырға. Сол «91» тобына еліктемей-ақ қойса екен. Бұл ұзаққа апармайтын еліктеу. Соларды ән деп, әнші деп тыңдамай-ақ қойса екен. Олар ерлік жасап жатқан сияқты болғанымен, керегі жоқ. Облыстарда солардың концерті болмасын деп көтерілген жастар олар саналы жастар» – дейді ашуға булыққан Тоқтар.

ТОКТ 999

Алайда, отандық шоу-бизнеске дүмпу әкелген «Ninety one» ұжымын қолдайтындардың да қатары аз емес. Тіпті, аталмыш бойзбендке жаңашылдықтың жаршысы деп баға берген әріптестеріне Серіковтің өкпесі қара қазандай.

«Оларды қолдап жатқан өнердің ішінегі біраз азамат, азаматшаларды естідім. Апаларымыз, ағаларамыз да бар. Оларды қалай тыңдап жатқандарын білмеймін. Бұл жаңалық қой дейді. Түкте жаңалық көріп тұрған жоқпын» – деп ренішін білдірген Тоқтар әріптестерінің бұл қадамын әлі күнге дейін түсіне алмай жүргенін жеткізді.  

Ескерту! Материалды көшіріп басу үшін, редакцияның хат түріндегі рұқсатын алу керек.

Жіберіп алмаңыз:

Қазақ тілді көрерменге ренжіген Азамат Сатыбалды бұдан былай орысша фильм түсіретінін айтты

Ақбота Сейітмағамбет алғаш рет ата-анасының өлімі жайлы айтты (фото)

Ел күтпеген жаңалық: Дәурен мен Ақбота айырылысып тынды

Жұлдызды төрттік: Ләйлә Сұлтанқызы әншілермен бірге қыз ұзатты (видео)

Талқылау