Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқтар Әубәкіров 40 жылдан аса отасқан орыс келіншегі туралы айтты

Қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер Тоқтар Әубәкіров алғаш рет 40 жылдан аса отасқан орыс келіншегі туралы айтты. Ол әлі күнге дейін жұбайы екеуінің қарым-қатынасы жылы екенін атап өтті. Тіпті, жыраққа кеткен жағдайда Татьянаны сағынатынын жасырмады.

Тоқтар Әубәкіров

Бұл туралы ғарышкер Аман Тасығанның “Talk Like” бағдарламасында әңгімеледі, деп хабарлайды Stan.kz.

“Біз бір-бірімізді таптық. Көп жылдан бері қол ұстасып келе жатырмыз. Биыл 41 жыл толды. Бүгінге дейін мен ол кісісіз бола алмаймын, ал мен бір жаққа кетіп қалсам, ол кісі мені іздейді. Әлі бір-бірімізді іздеп жүрміз.

Бірақ мен ғашықтық деген сөзді әлі күнге дейін түсіне алмаймын. Ғашықтық ойыншыққа, тағамға болады. Күнде бір кісіге ғашық бола алмайды. Бір кісімен мінездес болу керек. Ойбай ғашық деп бір-бірін сүйіп қосылады да, ертеңгі күні ажырасады. Біріңді-біріңді қадірлеу керек. Сенің мінезіңе лайық, сенің ойыңда жүретін, сені әрдайым қолдайтын жан болуы керек. Сенікі дұрыс емес екенін түсінсе де, сенің қасыңдамын деп айту керек. Татьяна менің қасымда болып келе жатыр”, – дейді Тоқтар Әубәкіров.

Ғарышкер жасы келсе де, махаббатты жыр қылып жүрген қаламгерлерді түсінбейтінін айтты.

“Жасыратыны жоқ, кезінде қыздар көп қарады. Өзім 10 жылдай бір қызбен араластым, бірақ бұйырмады. Сол кездегі махаббатым шығар. Жас кезде жарып ұшатын, найзағай болатын махаббат жас келе өшеді екен. Бірақ біздің ақындарымыз бар, 70-ке келіп махаббат дейді. Мен оларға шынында қайран қаламын”, – деді ол.

Тағы оқыңыз: 

5 қызы бар: Шымкент тұрғыны ұл тумағаны үшін келіншегін тастап кеткен

Павлодарда биіктігі үш метр сәукеле мен алты метрлік қамшы жасалды

18 жастағы орыс қызы қазаққа келін болуды армандайды

Ерекше той: Атырау облысында үйлену тойы кезінде көкпар тартылып, балуандар белдесті

Талқылау