Тоқтамай сыпыр! Әйгілі “Хэйла” әнінің “келіндерше” нұсқасы елді күлкіге қарық қылды (видео)
“Аyumi” тобы хитке айналған “Хэйла” әнінің “келіндерше” нұсқасын ұсынды. “Тоқтамай сыпыр” деп аталатын қалжың ән тыңдармандарды күлкіге қарық қылды.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
“Хэйла” әнінде Алуа Қонарованың қыздары жұртты тоқтамай билеуге, ал жаңа нұсқада тоқтамай үй шаруасымен айналысуға шақырады.
“Тоқтамай сыпыр, кір жу,
Тоқтамай шаң сүрт, пол жу.
Тоқтамай сыпыр”, – деп айтылады ән мәтінінде.
Айта кетейік, бұл топтағы Айдана Шәріпханова қазіргі уақытта расымен де келіндік міндетін атқарып жүр. Жуырда ол топтан кетіп, тұрмысқа шыққан болатын.
Жіберіп алмаңыз:
Әншілер Болмановтың қызына өз есімдерін беруді ұсынып таласуда
Артық салмақтан арылған отандық жұлдыздар кімдер? (фото)
Ерке Есмахан шетелде Димаштың атымен мақтанып жүргенін айтты
Қарақат: Өмірдегі ең бақытты сәтім – жарымның бақытты жүзін көру (видео)
Талқылау