Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Токсиколог ұзақ көлік жүргізуді онкологиялық ауру себептерінің бірі деп атады

Токсиколог, медицина ғылымдарының кандидаты Михаил Кутушов рөлде ұзақ уақыт отыру қауіпті екенін айтты. Сөзінше орындықтың үнемі қызып кетуіне, кабинада пластик пен қаптаманың көп болуына, сондай-ақ кондиционерлерде улы қосындылардың жиналуына байланысты онкологиялық аурулардың дамуына әкелуі мүмкін деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентігі URA.RU. порталына сілтеме жасап. 

Кутушовтың айтуынша, пластик пен төсеніш материалының кейбір түрлері қызған кезде фенол қосындылары, сондай-ақ канцерогендер бөлінеді.

"Егер көліктегі ауамен күнделікті тыныс алсаңыз, әрине, салдары болуы мүмкін. Ең алдымен онкологиялық ауруларды тудыру қаупі өте жоғары. Біріншіден, кондиционерлер шаң мен улы қосындыларды көп жинайды. Бұл аурудың, оның ішінде қатерлі ісік ауруының алғышарттарын тудыруы мүмкін. Тағы бір маңыздысы автокөлік жүргізушілерінде жұмыртқа және тік ішектің қатерлі ісігі жиі кездеседі. Өйткені адам үнемі отырғандықтан асты қызып кетеді", - деп түсіндірді Михаил Кутушов.

Сондай-ақ дәрігер салонды үнемі желдетіп, табиғи материалдардан жасалған төсеніш таңдауға кеңес берді. 

"Материалы табиғи төсенішті таңдаңыз. Көлікті көлеңкеге қойып, желдетіп алған жөн. Кейбір автокөлік жүргізушілері әдетте көлікке отырып, терезелерді ашып,  желдетіп жүреді. Бұл өте дұрыс шешім. Сондай-ақ, сіз машинаны шаңсорғышпен сорып, тазалап отыруыңыз керек. Тек ол ғана емес ылғалды тазалау жүргізу керек. Бұнымен қоса көліктегі хош иістерден арылыңыз. Көлікте отыру үшін қауіпсіз уақыт 2-3 сағат қана. Осыдан кейін тыныс алып, серуендеп, су ішкен жөн. Содан кейін ғана көлікке оралу керек", - деді токсиколог.

Талқылау