Токиодағы жазғы олимпиада ойындарына кері санақ басталды
Биылғы жазғы олимпиада-2020 басталғанға дейін кері санақ басталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Olympic-ке сілтеме жасап.
Токиодағы жазғы олимпиада ойындары осы аптада басталуы керек еді. Алайда әлемдік індет олимпиада ұйымдастырушыларының жоспарына өзгерістер енгізді. Сондықтан жазғы олимпиада бір жылға алға жылжыды. Демек, 2021 жылдың 23 шілде мен 8 тамыз аралығында өтеді. Сонымен қатар, Токио-2020 ойындарының атауы өзгеріссіз қалды.
Өткен аптада ұйымдастырушылар 11 мың атлет қатысатын ойындардың толық кестесін жариялады. Халықаралық олимпиада комитетінің президенті Томас Бах олимпиада адамзат бастан кешіп жатқан қараңғылыққа жарық сәуле болуы мүмкін деп мәлімдеді.
"Біз олимпиадалық бірегей рух пен аманатты сақтай отырып, жаһандық дағдарысқа сәйкес ойындарды бейімдеуге келісеміз. Осылайша, біз олимпиада ойындарын адамзаттың бірлігі мен ынтымағының дәлелі бола алатын теңдессіз мерекеге айналдыра аламыз", - деді Бах кері санақты бастар алдында.
Санитарлық-эпидемиологиялық шараларға сәйкес, іс - шара Токиодағы олимпиада стадионынан онлайн көрсетілді.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
