Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Токио Олимпиадасында спорттық жүрістен бақ сынаған Айман Ратова жеңіліп қалды

Бүгін Токио Олимпиадасында спорттық жүрістен әйелдер арасында 20 шақырымға жарысудан жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Спорттың бұл түрінен қазақстандық Айман Ратова бақ сынады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап. 

Спорттық жүрістен Олимпиада чемпионы атағын италиялық Антонелла Пальмизано иеленді. Оның уақыт көрсеткіші – 1:29,12. Күміс жүлдені колумбиялық Сандра Лорена Арунас, қоланы қытайлық Лю Хун жеңіп алды. 

Айман Ратова 1:40,02 нәтижесімен 42-ші орынға табан тіреді. Ол чемпион атанған спортшыдан 10 минут 50 секундқа қалып қойды. 

Талқылау