Токио-2020 жазғы Олимпиадасы: 2 тамызға арналға тамыз кестесі
Токиодағы Олимпиада ойындарының 2 тамыздағы қазақстандық спортшылардың қатысуымен болатын ойын кестесі жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
2 тамызда қазақстандықтар спорттың алты түрінен сайысқа түседі. Олардың қатарында байдарка мен каноэде ескек есу, жеңіл атлетика, грек-рим күресі, оқ ату, синхронды суға жүзу, cу добы бар.
06:58 Байдарка мен каноэде ескек есу. Жекелей сын. 200 метр. Әйелдер. Наталья Сергеева
07:05 Байдарка мен каноэде ескек есу. Жұптық жарыс. 1000 метр. Ерлер. Сергей Емельянов, Тимофей Емельянов
07:30 Жеңіл атлетика. 200 метрге жүгіру. Әйелдер. Іріктеу. Ольга Сафронова
08:30 Грек-рим күресі. Ерлер. 1/8 финал. 77 келі. Демеу Жадыраев — Сохеи Ябику (Жапония)
08:30 Оқ ату. Үш түрлі тұрыста витовкадан оқ ату. 50 метр. Ерлер. Юрий Юрков 16:30 Синхронды суға жүзу. Әйелдер. Еркін бағдарлама. Александра Немич, Екатерина Немич
16:50 Су добы. Ерлер. Алдын ала іріктеу кезеңі. Қазақстан — Австралия.
Айта кетсек, Қазақстан құрамасында қоржынында қазір үш қола медаль бар. Оны дзюдошы Елдос Сметов, ауыр атлеттер Игорь Сон мен Зульфия Чиншанло алды.