Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқал алғанын жасырғысы келген Айқын қандай телехикаяға түскенін айтып берді

Айқын КешYou-дің экс-әншісі Жұлдыз Өмірғалиді ұзатып алып бара жатқан видеосын телехикая кадрынан алынғанын айтқан еді. Алайда Айқынның сериалға түскені расталса да, ол фиьмге Жұлдыздың түспегені белгілі болып шықты.

18722123_135072743719686_2665089037517193216_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Енді, тоқал алғанын жасыруға тырысқан әнші өзі түскен телехикая туралы Гәкку арнасына айтып берді.

«Телехикаяға түсіп жатырмын. Оны жақында телеарналардан көрсетеді. Бұл балаларын тастап кеткен ата-аналар жайында хикая болмақ», – деген Айқын аталған фильмде басты рөлді болмаса да, маңызды рөлдердің бірін сомдайтынын мәлімдеді.

Әнші халыққа өзінің жан-жақтылығын көрсеткісі келетінін жасырмады.

«Мен қазір өз-өзімді дамытып жатырмын. Актерлік шеберлікке қатысып жүрмін. Менің ойымша, әртіс үшін жан-жақты болу маңызды. Тек қана әнші емес, түрлі аспаптарда ойнап немесе бірнәрсені әдемі жеткізе білу деген сияқты»,- деп ағынан жарылды әнші.

Бірақ бұл Айқынның басты жаңалығы емес. Ол жақында Астана тұрғындарына арнап тегін концерт беретінін хабарлады.

«Жақында үлкен жеке шығармашалық кешім өтеді. Астананың тұрғындары мен қонақтарын жеке кешіме шақырамын. Кіру тегін болады. Өте көп жарық, дауыс және түрлі көздің жауын алатын эффекттер болады.

«Мүмкін мен өзімнің актерлік шеберлігім мен шешендік өнерімді көрсетермін көрермендерге. Көреміз. Бұл көңілді концерт болады. Бәрібіз бірге көңіл көтереміз», – дейді Айқын.

Жіберіп алмаңыз:

Гүлзира Айдарбекова Бибігүл Төлегенованың сынына жауап берді

Жазира Байырбекова: Қайратты бір-ақ күнде жер қыла салғаны несі?

Бағым Мұхитденова: Бізде мыңдаған Қайрат Нұртас жоқ

Айдана Меденова екінші рет ана атанды

Баян Есентаева: Димаш пен Қайратты салыстыру кәсібилікке жатпайды

Талқылау