Тоқаевтың сөзінен кейін қаржы агенттігі трансшекаралық банктік операцияларды тексереді

Президенттің мәлімдемесінен кейін еліміздің Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі кейбір банктерді тексеруге кіріседі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
“Осы мәселелерді қарастыру үшін бірнеше банктің трансшекаралық операциялары белгіленген тәртіппен тексеріле бастады. Тексеруге Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, Қазақстан Ұлттық Банкі және Қаржылық мониторинг агенттігі қатысады”, – деп хабарлады агенттік.
28 қаңтарда Қаржылық мониторинг агенттігіндегі жиналыста Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы Қазақстандағы банктердің бірі арқылы көршілес елден үшінші елдерге 7 триллион теңге аударылғанын мәлімдеді. Ол Қаржы мониторинг агенттігінде өткен жиында президент Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық банкпен бірлесіп жұмыс істеуді тапсырды.
- Ақшаны криптовалютаға айналдырып, шетелге шығаратындармен күресу керек – Тоқаев
- Тоқаев барлық органдарға бизнеске кедергі келтірмеуді ескертті
Мемлекет басшысы банктердің күмәнді және заңсыз операцияларын қатаң бақылауға алу қажет екенін атап өтті.