"Тоқаевтың сыйлығы": Желіде Франция президентінің қазақы тазыларымен түскен суреті жарияланды
Франция президенті Эммануэль Макронның жеке фотографы Instagram желісінде президент пен француз басшысына Астанаға келген сапарында Қасым-Жомарт Тоқаев сыйлаған тазылармен бірге түскен суретін жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Желідегі суретте "Елисей сарайы, басты фойе. Күннің соңы. 14.03.2024" деп жазылған.
Ақ-қара түстес фотосуретте Макрон үш итпен бірге түскен. Олар Жюль мен Жанна есімді екі тазы мен 2017 жылы асырап алған қара лабрадор Немо.
Еске сала кетейік, өткен жылы Франция президенті Астанадағы көрмені аралау барысында тазыларды ұнатып қалған. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев француз әріптесіне бес айлық тазы күшіктерін сыйлаған.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”