AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаевтың сынынан кейін "Қазавтожол" филиалының директоры қызметінен босатылды

Батыс Қазақстан облысында жол жөндеу жұмыстарының кешігуіне байланысты "QAZAVTOJOL "ҰК" АҚ мен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің бірқатар қызметкерлері жауапқа тартылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

жол

"Мемлекет басшысының Батыс Қазақстан облысындағы жолдарды жөндеу бойынша тапсырмасын уақытылы орындамағаны үшін "QAZAVTOJOL "ҰК" АҚ БҚО филиалының директоры Әмір Кәрімбаев жұмыстан босатылды. Бұдан басқа, әкімшілік сипаттағы шаралар QAJ орталық аппараты мен ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитетінің басшылықтағы бірқатар қызметкерлері мен мамандарына қатысты қолданылды", –  делінген хабарламада. 

Бұған дейін аталған себептерге байланысты Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев қызметінен шеттетілген болатын. Президент ұзақ жылдар бойы шешілмей келе жатқан Батыс Қазақстан облысындағы күре жолдар проблемасы бойынша Үкіметке және аймақ басшысына тапсырмалар жүктеген еді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр