Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаевтың өкімімен қорғаныс министрінің орынбасары – әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы тағайындалды

Фото: belta.by

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Қайрат Садықов қорғаныс министрінің орынбасары – қарулы күштері әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы болып тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабардайды.

Ақорданың мәліметіне сенсек, мемлекет басшысының өкімімен Қайрат Әнуарбекұлы Садықов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары – Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды.

Айта кетейік, генерал-майор Қайрат Садықов 1967 жылы 14 сәуірде ШҚО, Зайсан ауылында дүниеге келген. Орынбор әскери училищесін, Ұлттық қорғаныс университетін және Д.А. Қонаев атындағы университетті бітірген. Философия ғылымдарының кандидаты.

Әуе қорғанысы күштерінде түрлі басшылық лауазымдар атқарған. 2023 жылдан бері – Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысы басқармасы бастығының бірінші орынбасары – штаб бастығы болды.

"Айбын" II дәрежелі орденімен, "Жауынгерлік ерлігі үшін" медалімен және басқа да марапаттармен наградталған. Қазақ және орыс тілдерін меңгерген. Отбасылы, балалары бар.


Руслан Жақсылықовтың ұсталғаны туралы жарияланымдардан кейін қылмыстық іс қозғалды


Тоқаев жаңадан тағайындалған қорғаныс министріне идеологиялық жұмыстың тиімділігін арттыруды тапсырды


Еске салайық, бұған дейін 8 маусымда президенттің жарлығыменРуслан Жақсылықов қорғаныс министрі қызметінен босатылған еді. Жақсылықовтың орнына қорғаныс министрі болып Дәурен Қосанов тағайындалды. Ол бұған дейін қорғаныс министрінің орынбасары – Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы қызметін атқарған.

Айым Атамбаева
Сәрсенбі, 18 Маусым, 2025 12:18
Талқылау