Тоқаевтың кеңесшісі тағайындалды
Қасым-Жомарт Тоқаевтың кеңесшісі тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
“Мемлекет басшысының өкімімен Мәлік Отарбаев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды”, – делінген ресми хабарламада.
Мәлік Нұржанұлы ОТАРБАЕВ, 1980 жылдың 2 ақпанында Жамбыл облысы, Байзақ ауданының (бұрыңғы Свердлов) Ақжар ауылында дүниеге келген.
2001 жылы Алматыдағы Сүлеймен Демирел университетінің Халықаралық экономикалық қатынастар факультетін бітірді. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар және сыртқы саясат факультетінің стажер-зерттеушісі болды, кейін аталған факультеттің аспирантурасында оқыды. Халықаралық мәдени-интеллектуалды "da Қазақстан" журналының жауапты хатшысы, бас редакторы, директор орынбасары қызметтерін атқарды. Қазақстан Жазушылар одағына қарасты "Қаламгер" журналының бас үйлестірушісі міндетін атқарды.
2014-2016 жж. – ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Халықаралық түркі мәдениетін дамыту ұйымы ТҮРКСОЙ-дағы өкілі.
2016 жылдың сәуір айынан бастап, Қазақстан Республикасының Түркиядағы Елшілігінде дипломатиялық қызмет атқарады.
Алғашқы кітабы – "Ойқазан" атты әдеби-философиялық ойтолғауы 2010 жылы жарық көрді.
2017 жылы "Баянды бақ" атты пьесасы Атырау облыстық Махамбет атындағы драмалық театры сахналанды. Аталған спектакль ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандырылған көрмесі аясында М. Горький атындағы драмалық театрында қойылды. Түркияға арнайы шақырту алды.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
