Тоқаевтың бұрынғы көмекшісі Қанат Шарлапаев енді "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасын басқарады

Қанат Шарлапаев Атамекен Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
23 қаңтарда Атамекен Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 13-съезінде төралқаның жаңа төрағасы сайланды. Қанат Шарлапаев бұл қызметке Райымбек Баталовтың орнына келді. Ол көпшілік дауыспен сайланды.
Қанат Шарлапаевтың экономика және қаржы мамандығы бойынша білімі бар. Ол Саратов мемлекеттік әлеуметтік ғылымдар және экономика университетін бухгалтерлік есеп және аудит мамандығы бойынша тәмамдаған. Сосын Ұлыбританиядағы Крэнфилд менеджмент мектебін оқып, қаржы және менеджмент магистрі дәрежесін алған.
Шарлапаев Ресейде утиль алымының өсуінен елге ескі көліктер ағылып келеді деп қауіптенеді
Шарлапаев кәсіби мансабын халықаралық қаржы секторында бастады. 2006 жылдан 2015 жылға дейін Ұлыбритания мен Чехиядағы Citi Investment Bank-те, Лондондағы кеңседе жұмыс істеді. Онда қаржы бөлімінің маманынан Еуропа, Таяу Шығыс және Африка бойынша аймақтық стратегиялық жоспарлау және талдау тобының вице-президенті лауазымына дейін көтерілді.
2015 жылдан 2022 жылға дейін Қанат Шарлапаев Citibank Kazakhstan және Citibank Russia компанияларында бас қаржы директоры және аға вице-президент қызметтерін атқарды.
2022 жылдың ақпан айында ол мемлекеттік қызметке ауысты. Шарлапаев “Бәйтерек” ұлттық басқару холдингі” АҚ басқарма төрағасы және директорлар кеңесінің мүшесі болды. Кейін 2023 жылдан 2025 жылға дейін өнеркәсіп және құрылыс министрі болды. "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының төрағасы болып сайланбас бұрын, Президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі қызметін атқарды.
Айта кетейік, бұған дейін Қанат Шарлапаев былтыр қазан айында “Бәйтерек” ұлттық басқарушы холдингі директорлар кеңесінің құрамынан шығарылған еді.
Неке шарты қазақстандық әйелді ажырасу кезінде қорғай алмаған: Тойға дейін келісімшарт жасау қажет пе?