Тоқаевтың баспасөз хатшысы коронавирус жұқтырды
Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли коронавирус сынамасы оң нәтиже берді деп мәлімдеді.
«Өкінішке қарай, менің соңғы коронавирустық сынамам, барлық сақтық шараларына қарамастан, оң нәтиже бергенін хабарлауым керек. Қазіргі уақытта мен дәрігерлердің бақылауында жатырмын. Жағдайым қанағаттанарлық», - деді Берік Уәли Facebook парақшасында.
Президенттің баспасөз хатшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кестеге сәйкес жұмысын жалғастырып жатқанын, оның денсаулығына ештеңе қауіп төнбейтінін айтты.
«Мемлекет басшысы үнемі тексерістен өтеді. Ақордада санитарлық режим күшейтілді, қауіпсіздік шаралары күшейтілді», - деді Уәли.
Президенттің өкілі қазақстандықтарды карантин режимін қатаң сақтауға және алдын-алу шараларын қабылдауға шақырды.
«Пандемияны жеңіл қабылдауға болмайды», - деп қорытындылады Берік Уәли.
Талқылау

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
Олар 300 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейінгі ақшадан қағылды

"Бөлімше болыңыз, біздің команда": Алматыда косметика дүкенінің қате аудармасы жұрттың ашуын туғызды
Оқырмандардың бірі баспахананың да мұндай немқұрайлығына реніш білдірді